Зооциттер
Зооциттер әр түрлі химиялық топтарға жатады, олар көбінесе жануарлардың ас қорыту органдарына әсер ететін химиялық қосылыстар (мырыш фосфиді, глифтор, зоокумарин, ратиндан, тағы басқа). Зооциттер улы еліктіргіш түрінде қолданылады. Егіске, бау-бақшаға зиянды кемірушілерге қарсы мырыш фосфиді және глифтормен уланған еліктіргіш жем шашылады. Мал қора, азық қоймалары кемірушілеріне созылмалы әсер ететін қан антикоагулянты – зоокумарин мен ратиндан пайдаланған дұрыс. Құстарға қарсы ұйықтататын әсері бар – альфахлоралоз дәрісі пайдаланылады. Күшті улы заттар адам мен үй жануарларына қауіпті, сондықтан зооциттерді сақтау, тасымалдау ережелерін және оны қолдану кезіндегі сақтық шараларын бұлжытпай орындау керек.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>