Зоохория

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зоохория(зоо... және грекше choreo – таратамын) – өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының жануарлар арқылы таратылуы.

Зоохория – өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір топтарының сабақтас эволюциясының (коэволюцияның) нәтижесі.

Зоохорияның ең көне түрі – эндозоохория өсімдік тұқымдары зақымдалмай, жануарлардың ас қорыту жолдары арқылы таратылуы. Тропиктерден басқа аймақтарда негізгі тасымалдаушылар – құстар. Көзі өткір болғанымен иіс сезу мүшелері нашар дамығандықтан олар жемістері ашық түсті, шоқ-шоқ болып күлтеленіп өсетін иіссіз шетенді, шәңкішті, мойылды, аюбадамды, шырғанақты, т.б. таратады. Ал тропиктік ормандарда өсімдік диаспораларын таратушылар – иіс сезу органдары жақсы дамыған жемісқоректі сүтқоректілер – маймылдар, жарқанаттар, т.б. Олар гүлдері хош иісті, ірі, тәтті, шырынды жемісті өсімдіктерді (мысалы, ананас, авокада, манго, т.б.) таратады. Сондай-ақ зоохорияның жануарлар терісіне, түгіне жабысып таралуы – эпизоохория; азық қоры түрінде таралуы – синзоохория; өсімдіктер тұқымының құмырсқалар арқылы таралуы – мирмекохория деп аталады. Зоохорияның түріне қарай әр түрлі биоценоздар ажыратылады. Мысалы, жалпақжапырақты ормандарға эндозоохория; тропиктік ормандарына – синзоохория, ал топырағы тозған жерлер мен арамшөпті су жағалауларына – эпизоохория тән.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зоохория|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}