Зооморфтық ою-өрнектер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зооморфтық ою-өрнектер — өрнектің негізгі композияциялық түрі. Зооморфтық өрнектер жануарлар әлемін бейнелейді.

Көшпелі қазақтар тамаша ақынжанды адамдар болған. Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлғасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді. Бұл тек мүйіз тәрізді доғалы «қошқар мүйіз» емес, сонымен қатар осы өрнектің барлық түрлері мен композициясы: «мүйіз», «қос мүйіз», «сынық мүйіз». Халық шеберлері тек мүйіз ғана емес, сонымен қатар жануарлардың өзге де дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын» , «құс қанаты», «қаз мойны» бейнелерін атауға болады. Осы ою - өрнектермен үй заттары, жиһаз, қару - жарақ бұйымдары да әсем көркем безендіріледі. Қазіргі уақытта ою - өрнектер сәукеле, айырқалпақ, қамзолдың алдыңғы өңірі, аяқ киім қонышы секілді соңғы үлгідегі киімдерді әшекейлеуде қолданылады.<ref>«Сен білесің бе?» энцеклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Commons