Змейная

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Змейная, Жыланды – Тотықұс тауының шығысында 12 км жердегі шоқы. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында. Абсалют биіктігі 410 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Оңтүстік беткейі тіктеу келген. Гранитті тау жыныстарын орман, бұта шоғырлары көмкерген. Жартастары жер бетіне шығып жатыр. Тіктеу келген беткейлерінің қара қоңыр топырағында қарағай, қайың, тобылғы, т.б. дала өсімдіктері өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub