Зияда – Шаһмұрат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зияда – Шаһмұратараб аңызының сюжеті негізінде жазылған қисса. Авторы – Жақып Бижігітұлы. 1912 жылы Қазанда Б.Л. Домбровский баспасында жеке кітап болып жарық көрген. Дастанда Мысыр патшасы Заданың ШаҺмұрат атты жалғыз ұлы, Хорлы, Ғайын деген екі қызының бастан кешкен хикаясы баяндалады. Патша “Қыздарым кімді сүйсе, соған барсын”, – деп, құда түсуге келген хан мен бекзадаларды қайтарып отырған. Бірде Хорлы түсінде Бағдат патшасының баласы Зиядаға ғашық болып ауырады. Мұны сезген әкесі Зияданы іздеуге ШаҺмұратты Бағдатқа жібереді. Бағдатқа келген ШаҺмұрат Зияданың да түсінде Хорлыға ғашық болып, сүйгенін іздеп кеткенін біледі де, сапарын әрі қарай жалғастырады. Ақыры көп мехнат шегіп, перінің қызы Нұржамалдың көмегімен Зияданы тауып, қарындасы Хорлыға қосады, өзі Нұржамалға үйленеді. Сөйтіп, бәрі де мұратына жетеді. “Зияда-Шаһмұрат” дастаны авторының басқа да шығармасы болуы мүмкін. Ол Қазандағы Б.Л. Домбровский баспасының иесіне жазған ескертпе өлеңінде (1884) “Қожа Қапан”, “ТаҺир”, “Нұрғұзарын” атты үш дастан жібергенін айтады. Олардың жарық көргені туралы нақты дерек жоқ.<ref>Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зияда – Шаһмұрат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}