Зернук

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зернук, Оксус, Весидж – Қазақстанда 1 – 15 ғасырлар аралығында болған, ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келген қала.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Орны Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданындағы Маяқұм ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде. Қала алғашқыда Весидж болып аталған. Ал ғылыми әдебиеттерде Оксус қаласы ретінде белгілі. 13 ғ-дан бастап Зернук деген атқа ие болды. Зернук қаласының атауы алғаш рет армян патшасы Гетумның 13 ғ-дың ортасында Қарақорымдағы Мөңке хан сарайына келген елшілігі туралы жолжазбаларында хатқа түскен (қара Гетум елшілігі). Әбу Абдаллах Хорезмидің жазбаларына қарағанда, “Зернук” – сол заманғы су көтеретін шығырлардың бір атауы.<ref>Агеева Е.И., Пацевич Г.И., Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. //Труды ИИАЭ АН Казахской ССР, А.-А., 1958, т. 5;</ref> Қала орнында жүргізілген зерттеулер мұнда дамыған шығырлы егіншілік жүйесінің, бірнеше шығыр шұңқырларының болғанын анықтады. Осыған қарағанда Хорезми пікірлері талас тудырмайды. Қала мен оның айналасындағы кішірек қоныстар суды 7 км жердегі Ақарық каналынан алған.<ref>Археологическая карта Казахстана, А.-А., 1960.</ref> Қазір қала орны бес бұрышты төбе түрінде сақталған. Қала орнын 1900 жылы Н.В. Руднев, 1947 жылы А.Н. Бернштам зерттеп, 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев пен К.Байпақов) қазба жұмысын жалғастырды.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}