Зеравшан жотасы
Тектоникалық құрылымы
Жота герцин қатпарлығы нәтижесінде пайда болған. Тектоникалық құрылымының негізінде ірі антиклиналь жатыр. Ол орта палеозой – жоғарғы силур мен төменгі карбонға дейінгі жастағы тау жыныстарынан (сазды тақтатас, құмтас, әктас) тұрады. Әктастан түзілген аудандарға жер бедерінің карсты формалары (негізінен, үңгірлер) тән. Жотаның батыс бөлігіндегі Қырықтау үстіртінде әлемдегі ең терең карсты шұңғыма Киевская шұңғымасы (тереңдігі 950 м) орналасқан. Жота қазіргі заманғы мұзбасу процесінің ықпалы күшті. Мұздықтардан басталатын өзендер негізінен Зеравшан өзені алабына кіреді. Көлдер аз.
Климаты
Жота субтропиктік климаттық белдеуде орналасқан. 350 – 450 м биіктікке дейін шөл белдемі, 1500 м-ге дейінгі аралықты дала белдемі алып жатыр. Мұнда қыс біршама қысқа, әрі жұмсақ, жазы ұзаққа созылады. Қаңтардың орташа температурасы –5°С; –7°С, шілдеде 20° – 25°С шамасында. Жылдық жауын-шашынның мөлш. 350 – 700 мм-ге жетеді. 1500 – 3500 м биіктіктерде орманды шалғындық, альпілік шалғынды белдемдер қалыптасқан. Жауын-шашын мөлшері мұнда 1000 мм-ге дейін артады. Одан жоғары қар мен мұздықты суық белдем басталады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>
Дереккөздер
<references/>