Зениттік артиллериялық кешен
Зениттік артиллериялық кешен<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref> (ЗАК)— артиллериялық ату аркылы әуе нысаналарын жою үшін қолданылатын зениттік зеңбірек (бір немесе бірнеше) пен әр түрлі техникалық құралдардың жиынтығы. Зениттік артиллериялық кешеннің негізгі элементтері: оқ-дәрілері бар зениттік зеңбіректер, зеңбіректік көздеу станциясы, артиллериялық зениттік атуды басқару құралы немесе есептеу құрылгысы; қашықтық өлшеуіш, синхронды беру және іздеу жүйесі, электр агрегаттары. Қазіргі заманғы зениттік артиллериялық кешеннің элементтері бір базада (өздігінен жүретін зениттік қондырғы), сондай-ақ жекелей орналасады. Жекелей орналасқан жағдайда зеңбіректік көздеу станциясы, артиллернялық зениттік атуды басқару құралы және жабдықтау агрегаттары жеке қолікте орналасады, сондай-ақ барлығы бірге радио құралдар кешенін құрайды.
- AK230 Fala.jpg
- AK-630 30 mm naval CIWS gun.JPEG
- BredaDardo40mm.jpg
- Schietende goalkeeper.jpg
Дереккөздер
<references/>