Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаев
Зейнолла Өтежанұлы Алшымбаев (1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылы) – инженер-экономист.
Өмірбаяны
Алматы халық шаруашылық институтын (1970), Алматы политехникалық институтын (қазіргі ҚазҰТУ) (1982) бітірген.
1970 – 1973 жылдары «Өзенмұнайгаз» (ЦНИПР) кәсіпорнында инженер-экономист, күрделі құрылыс бөлімінің жобалау-смета тобының жетекшісі болды.
1973 – 1980 жылдары Жаңаөзен қаласы жастар ұйымының 1-хатшысы, Маңғыстау облысы жастар комитетінің 2-хатшысы болды.
1981 – 1991 жылдары Маңғыстау барлау-бұрғылау басқармасы партия комитетінің хатшысы, Жаңаөзен қаласы партия комитетінің 2-хатшысы, Мұнайлы ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, Маңғыстау облысы партия комитетінің өнеркәсіп, құрылыс және көлік мәселелері жөніндегі хатшысы болды.
1991 – 1992 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
1992 – 1993 жылдары АҚШ-тың Бостон қаласындағы Массачусетс университетінде оқыған.
1993 – 2003 жылдары Техас штатының Хьюстон қаласындағы «Бритиш-Датч Петролеум Интернэшнл» компаниясында шетелдік инвесторлар бойынша директоры болды.
2000 жылдан бастап «Бритиш-Датч Петролеум Интернэшнл» компаниясында шетелдік инвесторлар бойынша вице-президенті, Жаңаөзен қаласында құрылған «Теңге» біріккен кәсіпорны директорлар кеңесінің мүшесі.
Марапаттары
«Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Жеке өмірі
ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты (2004).
Дінге сенеді. Негізгі хоббиі - классикалық музыка тыңдау, тарихи әдебиет оқу.
Үйленген. Жұбайы - Тоқышева Сара Сәрсенқызы (1948 жылы туған), дәрігер. Ұлы - Дәуірбек (1974 жылы туған); қызы -Жұпархан (1977 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>