Зейнолла күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнолла күмбезіШығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Шілікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан архитектур ескерткіш. 1925 жылы сәулетші Баязит Сәтбаев тұрғызған. Зейнолла күмбезінің жалпы ұзындығы 9,4 м, ені 5,78 м, биікт. 8,8 м. Күмбез шикі кірпіштен тұрғызылып, сырты күйдірілген кірпіштен бунақталып қаланған. Күмбездің төм. бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азияның сәулет өнеріне ұқсас күрделі үлгіде салынған. Кіре берісі дарбазалы пештақпен безендірілген. Бұрыштарындағы қалпақшалары төбе деңгейіндегі төртқырлы қысқа бағандармен бітеді, кіре беріс пештақ шағын шатыр арқылы төбедегі доғамен үш қыр бойымен жалғасады. Ішіндегі қабірханаға екі бүйірі мен батыс жағындағы ойықтар арқылы жарық түседі. Бұл ойықтар әшекейлі дарбазалық қуыстармен кезектесе жасалған. Зейнолла күмбезі қасбеттерінің әсемделуіне сәнді қалаулардың сан алуан тәсілдері пайдаланылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}