Зейнел Көшкімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнел Көшкімбаев(1913, қазіргі Қарағанды облысы Тельман ауданы - 16.11.1956, Қарағанды қаласы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1944). Арнаулы сахналық білім алмаған. 1932 жылдан Қарағанды қаласындағы Жұмысшы жастар театрының (қазіргі Қарағанды облысы драма театры) спектакльдеріне белсене қатысты. Ол Қарағанды облысы драма театрының негізін салушылардың бірі. Көшкімбаев 1934 жылдан бастап осы театр сахнасында әр алуан рольдер ойнады. Орындаған рольдері қатарында Темірбек (А.Шанин мен Қ.Байсейітовтің "Зәуресінде"), Беқежан (Ғ.Мүссіреповтің "Қыз Жібегінде"), Панфилов (М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Амангелді (Ш.Құсайыновтың осы аттас драмасында), Кәтібар, Құнанбай (Әуезовтің "Айман - Шолпаны" мен "Абайы" бойынша), т.б. бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}