Зейнегүл Түсіпова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түсіпова Зейнегүл. 1948 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Ақтоғай ауылында туған. Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің театр-безендіру бөлімін бітірген (1971). Өнертану докторы. Кескіндемеші. Жұмыстары қазақ ауылының қазіргі дәстүрлік тұрмысы мен өміріне арналған. «Қаратауға жол», «Қазақи аула», «Менің Ақтоғай ауылым», «Жаңатас таулары» пейзаждарының және т.б. авторы. Туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Мәдениет министрлігінің Орталық көрме залында, РФ Көркемсурет қорында, Германия, Франция, Венгрия, Түркия, Корея, Ресей, Қазақстан және т.б. мемлекеттердің жеке топтамаларында сақталуда. Сенеж, Гурзуф, Дзинтари, халықаралық шығармашылық базалардың жұмысына, Мозамбик (1991), Сеул (1993), Каир (2001) халықаралық көрмелеріне белсенді қатысқан. КСРО (1978 жылдан), ҚР Суретшілер одағының мүшесі. ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркем сыншылар ассоциациясының мүшесі. Мәдениет қайраткері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub