Зебунниса
Үлгі:Infobox royalty Зебунниса(Үлгі:Lang-fa) , лақап есімі Махфи (1639, Үндістан, Дели – 1702, сонда) – үндістандық түркі ақыны, Моғол империясының билеушісі (1658 – 1707), Аурангзеб Аламгирдің қызы.
Шығармаларын, негізінен, парсы және тәжік тілдерінде жазған. Зебунниса өлеңдері төрт мыңнан астам бәйіттер мен ғазалдардан тұрады. Бәйіттері мен ғазалдарында Зебунниса адамның жан дүниесі мен мұңды өмір-тіршілігін асқан сезімталдықпен жырлады. Зебунниса өлеңдері нәзік лиризмге толы. Құран Кәрімге жазған түсіндірмелері (“Зеби тафасир”) Зебуннисаның араб әдебиеті мен ғылымын жан-жақты терең білетінін танытады. Оның есімі бірқатар Шығыс елдеріне ертеден таныс.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref><ref>Зебуниссо. Огонь и слёзы. М. 1983</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:WikifyҮлгі:Stub