Заң кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заң кеңесі - жұртшылыққа заң көмегін көрсету жұмысын ұйымдастыру үшін құрылатын адвокаттар ұжымы. Ол Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы (1997) негізінде облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар) адвокаттар алқасы төралқасының шешімімен құрылады.

Заң кеңесінің мекен жайын және онда жұмыс істейтін адвокаттардың санын адвокаттар алқасының төралқасы әділет органымен келісе отырып айқындайды. Заң кеңесінің ағымдағы есеп шоты, белгіленген нысандағы мөрі мен мөртабаны болады. Заң кеңесінің қызметі адвокаттар алқасы төралқасына бағынышты. Заң кеңесін меңгеруші басқарады, оның өкілеттігіне заң кеңесі қызметін ұйымдастыру, азаматтармен заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасасу, ұйымдармен заң көмегі қызметін көрсету жөнінде шарт жасасу, адвокаттарға жұмыстарды бөліп беру, олардың қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу, көрсетілетін заң көмегі қызметтерінің сапасына бақылау жасау жатады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}