Заңғар (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заңғар - 1999 жылы Алматы қаласындағы «Айқос» баспасынан жарық көрген кітап.

Кітап-жинақ академик Қаныш Сәтбаев туралы мақала естеліктерден тұрады. Кітап редакциясы алқасының мүшелері: Ш.Шөкин (төраға), К.Салықов (орынбасары), В.С.Школьник, С.Қожахметов, А.Қошанов, А.Абдуллин, X.Беспаев, В.И.Дробжев, М.Сәрсекеев (Сәрсеке), Ш.Сәтбаева, А.Сәтбаев, Ж.Сыдықов; құрастырған Ғ.Жайлыбай. «Заңғар» атты естелік-кітабы Халықаралық Қаныш Сәтбаев қорының тапсырысымен ұлы ғалымның 100 жылдық мерей-тойына орай шығарылған. Жинақта ғалымның әр жылдардағы түскен суреттері де берілген, көлемі 316-бет. Кітап екі бөлімнен тұрады. Кітаптың 1-бөлімінде қазақ зиялыларының (М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Х.Марғұлан, I.Омаров, Н.Оңдасынов Ә.Тәжібаев, Б.Әшімов, С.Бәйішев, Е.А.Букетов, А.Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, С.Зиманов, Ш.Шоқыұлы, тағы басқалары), 2-бөлімінде жұртшылыққа танымал ғалымдардың (М.В.Келдыш, Г.Б.Жилинский, В А.Обручев, Д.В.Наливкин, Н.В.Павлов, С.Рафиков, М.П.Русаков, Б.Г.Ерзакович, Е.В.Лизунова, В.Г.Фесенков, тағы басқалары) Сәтбаев туралы бұрын және осы жинаққа арнайы жазылған ой-толғамдары мен мақалалары топтастырылып берілген; осыған қоса академик-ғалыммен кезінде қызметтес болған әріптестерінің, туыстары мен жақын араласқан адамдардың да (А.Әділов, Ә.Әбішев, Қ.Жарматамбетов, Қ.Жәмінұлы, Ш.Қ.Сәтбаева, тағы басқалары) естеліктері орын алған.

Халықаралық Қаныш Сәтбаев қорының президенті К.Салықов кітаптың алғы сөзінде: «...Сәтбаев - тарлан тарихтың ауыр кезеңінде өмір сүрген, өмірбаяны шытырман оқиталарға толы күрделі һәм қызғылықты есім. Оның шеккен зардабы мен жеткен биіктері әрдайым тайталасып жүрді. Тұлғасы ерек, тұмысынан зерек, ақылды да, байсалды, ынталы да қарымды, ойшыл да тәуекелшіл, кішілік пеп кісілікті қатар ұстаған мұраты биік ерекше туған ел перзентін Абайды Ай-әлемге жеткізе білген Мұхтардай Қанышты әдебиетте көрсете білген қаламгерлер әлі туған жоқ. Үлкен толғаныспен қалам тарта бастаған сүйікті шәкірті, аса талантты жазушы, үлкен ғалым Евней Бөкетов (Букетов) те өмірдеп ерте өтті. Ұсынылып отырған кітаптағы басты мақсат: теңізге тамған тамшыдай әр автор өз жүрегінің лүпілімен таза нәркес сыр төксе ұлы бейне жарқырай түсер, болашақ Мұхтарларға себін тигізер деген ойдамыз. Қанекеңнің 90 жылдығын өткізгенде ол кісіге деген бұрынғы партия басшыларының салқын ызғары әлі де есіп тұрған. «Қуғындалған Сәтбаев» атты кітабында белгілі жазушы Медеу Сәрсеке көрсеткендей қилы-қилы заманды да шеккенбіз. Бүгінгі күн басқаша, бүгінгі үн басқаша. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Правда» газетінде 1990-жылғы ақпанның 23-жұлдызында ашық айтқандай республиканың бұрынғы басшылары қудалауға салған күндер өтті, адал перзенттің елдің елдігін көтеріп, ұлттың болмысын айқындап тұрған Абай, Шоқан, Мұхтар іспеттес төртінші тірегімізді ақ жарылып, мақтан етер сәт туды. Осы бағытта тілге тиек етер қызғылықты әңгімелер, деректер, бұл жинақта баршылық» - деп жазды.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Заңғар (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}