Заңғар (дүкен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Заңғар (дүкен) - Алматы қаласындағы аса ірі сауда дүкені. 1961 жылы орталық әмбебап дүкен ретінде ашылған. Кейін “Заңғар” сауда орталығы болып қайта құрылды. 1994 жылдан “Заңгар” акционерлік қоғамы болып аталады. Сауда алаңы 10128 м2, көмекші бөлмелерінің аум. 5830 м2. 3 қабатта орналасқан 5 тұтыну кешені бар. Дүкен сатып алушыларға қосымша қызмет түрлерін көрсетеді, тігулі бұйымдарды шақтайды, несиеге берілетін тауарларды ресімдейді. Сатып алу сұранымын зерттеу үшін киім, аяқ киім, бас киім үлгілерінің сату көрмелері өткізіледі. Дүкен осы заманғы технология жабдықтармен жарақтандырылған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub