Заңды Құзырет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заңды Құзырет - құқықтық құзырет, юрисдикция (Үлгі:Lang-la – сот ісін жүргізу, jurіs – құқық және dіco – айтамын) – тиісті сот не өкім шығаратын органдардың құқықтық дау-дамайларды шешіп, құқық бұзушылық туралы істерді қарауға, яки тұлғаның не басқадай құқық субъектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп бұзушыларға заң бойынша шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы. Ол заңмен (не басқа нормативтік актілермен) белгіленеді. Заңды құзырет қаралатын қылмыстық істердің түрі мен сипатына қарай айқындалады әрі соған байланысты әр түрлі деңгейдегі сот органдарының құқықтық құзырына (іс қарауына) жатады. Азаматтық істерді сот жауапкердің тұрғылықты жерінде қарауға тиіс. Әскери қызметшілердің қылмысы әскери соттың құқықтық құзырына жатады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}