Заңдық маңызы бар фактілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сот азаматтардын немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тотатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. Сот мынадай фактілерді анықтау туралы істерді қарайды:

  1. адамдардың туыстық, қатынастары;
  2. адамнын біреудін асырауында болуы;
  3. тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырасуды және қайтыс болуды тіркеу;
  4. құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта керсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде немесе туу туралы уәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі;
  5. мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету;
  6. жазатайым жағдай;
  7. азаматтық, хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мәнайларда қайтыс болуы;
  8. мурагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны;
  9. егер заңдарда оларды анықтауды өзгеше тәртібі көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}