Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы - бейүкіметтік халықаралық ұйым. Заңгерлердің халықаралық Конференциясында Қарсыласу қозғалысына қатысушы француз заңгерлерінің бастамашылығымен 1946 жылы құрылған. Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығының міндеті – халықтар арасында өзара түсіністік рухын нығайту мақсатымен түрлі елдер заңгерлерінің арасындағы байланыстарды дамытуға жәрдемдесу. Заңгерлердің кез келген қауымдастығы (ұлттық, халықаралық), заңгер мамандығы, заңгерлік лауазымы бар немесе құқық саласындағы зерттеулермен, практикалық заңгерлікпен не осы саладағы оқытушылықпен айналысатын, қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін мойындайтын кез келген адам Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығына мүше бола алады. Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы әлемнің 85 елінің заңгерлерін біріктіреді. Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы ЭКОСОС (БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі) және ЮНЕСКО (БҰҰ-ның Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы) жанында кеңес беру мәртебесіне ие. Жоғары органы – конгресс. Конгрестер арасындағы кезеңдегі басшы органы – жылына бір рет шақырылатын кеңес. Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы бейбітшілік жолындағы күреске белсене қатысады, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды қорғайды, халықтардың тәуелсіздігін шектеу әрекеттеріне, отарлық езгінің барлық нысандарына қарсы күреседі, халықаралық қатынастардағы демократиялық принциптерді қалыптастыруға және жүзеге асыруға жәрдемдеседі. “Қазіргі заман құқығына шолу” атты журнал шығарады. Штаб-пәтері Брюссель қаласында (Бельгия) орналасқан.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Заңгер Демократтардың Халықаралық Қауымдастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}