Зақым келтіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зақым келтіру, қылмыстық құқықта – жеке адамға қарсы қылмыс түрі, адамның денсаулығына зиян келтіру.

Ерте ғасыр заңдары

Қазақ халқының дәстүрлі әдет заңдары бойынша, адамның дене мүшелеріне келтірілген зақым үшін билердің келісімімен құн төленген. Дене мүшелерінің зақымдануына қарай төленетін құнның мөлшері: екі көзді зақымдап, соқыр етсе, толық құн; бір көзі шықса, жарты құн; екі құлаққа жарты құн; омыртқа сынып, сал болып қалса, толық құн; әйел түсік тастаған жағдайда іштегі 5 айлық шарана үшін бір тоғыз айып; 5 айдан асып жарық дүниеге келгенге дейінгі бала үшін жарты құн төленген. “Жеті жарғыда” бір құнның мөлшері, яки ер адамның құны 1000 қой немесе 200 жылқы не 100 түйе; ал әйел құны 600 қой немесе 100 жылқы не 50 түйе, яки жарты құн болып белгіленген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, Зақым келтіру қылмыстың жасалу ниетіне қарай: денсаулыққа қасақана зиян келтіру, абайсызда зиян келтіру, жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтіру, қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру түрлеріне бөлінеді. Келтірілген зақымның ауыр-жеңілдігіне қарай: ауыр зиян келтіру, яки адамның өміріне қауіпті ауыр зардап немесе адамның көруден, сөйлеуден, естуден қалуына, қандай да болсын дене мүшесінен айырылуына не дене мүшесінің қызмет істеуден қалуына немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз дәрежеде бұзылуына душар еткен зақым, сондай-ақ, өмірге қауіпті зардап немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты жоғалтуына не кәсіби еңбек қабілетінен айрылуына немесе түсік тастауына, психикасының бұзылуына, есірткіқұмарлықпен немесе уытқұмарлықпен ауруына душар еткен зақым, орташа ауырлықтағы зиян келтіру, яки адамның өміріне қауіпті ауыр зардаптарға апарып соқтырмаған, бірақ денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірінің айтарлықтай дәрежеде тұрақты бұзылуына душар еткен зақым; жеңіл зиян келтіру, яки денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына апарып соқтырған немесе еңбек ету қабілетінен айтарлықтай емес дәрежеде тұрақты айрылуына душар еткен зақым түрлеріне ажыратылады. Қасақана зақым келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың ауыр-жеңілдігіне қарай түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зақым келтіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}