Зақаш Камалиденов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зақаш Камалиденов (1936, Атырау облысы). Мәскеу мұнай институтын (1958), КОКП ОК Жоғары партия мектебін (1970) бітірген. Генерал-майор (1982).

  • 1958-1960 жылдары - Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген.
  • 1960-1970 жылдары - Жылыой аудандық комсомол комитетінің, Атырау облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ақтау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. *1970-1979 жылдары - Атырау облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы; Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы.
  • 1979-1980 жылдары - КСРО МҚК аға инспекторы, Қазақ КСР МҚК төрағасының орынбасары.
  • 1980-1982 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы.
  • 1982-1985 жылдары- Қазақ КСР МҚК төрағасы.
  • 1985-1988 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы.
  • 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумыныңтөрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары.
  • 1971-1990 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK мүшесі.
  • 1986-1989 жылдары - КОКП OK мүшелігіне кандидат. 11-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесіне, 8-11 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланган. *2004 жылдан - «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық Кеңесінің мүшесі. Ленин, Октябрь Революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}