Заттардың (таужыныстардың, минералдардың) физикалық қасиеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заттардың (таужыныстардың, минералдардың) физикалық қасиеттері — заттың (таужыныстың, минералдың) құрам және құрылыс ерекшеліктерімен анықтала отырып, сырт ортаның нақтылы жағдайында тұрақты қалпын сақтайтын яки барша өзгерістері сол сырт орта өзгерістеріне тәуелді болып келетін сапалық қасиеттер жиынтығы. Таужыныстардың (минералдардың) тығыздығы, қаттылығы және аққыштығы деген ұғымдар бағзы заманнан бері белгілі; XVI-XVIII ғасырлар аралығында олардың электрлік, серпінділік т.с.с. қасиеттері белгілі болды; XIX ғасырда ажыратқыш микроскоптың жасақталуына байланысты, таужыныстардың өте маңызды қасиеттерінің бірі — оптикалық қасиеттері жан-жақты зерттеліп, петрографияның негізі қаланды. Қазіргі кезде заттардың меншікті салмағын, кеуектілігін, бүкіл механикалық қасиеттерін зерттеу істері де маңызды рөл атқарады. XX ғасырдың 20-сыншы жылдарынан бастап таужыныстардың геофизикалық тұрғыдан саралауға керекті қасиеттері дәйекті түрде зерттеле бастады (петрофизика); геофизикалық зерттеулер барысында таужыныстардың төменде келтірілген қасиеттері сараланады: тығыздық; кеуектілік; өткізгіштік; электрлік кедергі; сәуле ажырату (дербестеу) қабілеті; диэлектрлік өткізгіштік; магниттелу қабілеті; магниттік сезімталдық; серпінді толқындарды тарату жылдамдығы; табиғи радиоактивтілік; термикалық қасиеттері т.с.с.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}