Зарядтардың жақындау коэффициенті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зарядтардың жақындау коэффициенті — зарядтар арақашықтығының ең қысқа кедергі сызығына қатынасы немесе кертпештің табаны бойымен жүргізілген кедергі сызығына қатынасы. Бұл жобалау кезінде жынысты қопарып ұсату дәрежесіне әсер етуін есептейтін көрсеткіш, ал қопарылған жыныстарды лақтыру үшін жарған жағдайда зарядтардың бір мезгілде от алып, бірігіп тиімді әсер етуін анықтайды.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>