Заманауи тарақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карбон тарағы

Карбоннан жасалған тарақ жеңіл, қолдануға ыңғайлы, мүлдем кір жинамайды. Карбон – графит пен резеңкенің қосынды нәтижесінде алынған материал. Шашты тез тарап, қалаған шаш сәніңізді жасауға көмектеседі. Шашты бояуға мінсіз келеді. Мамандар арасында көбінесе осы мақсатта қолданады.

Сурет:Силикон тарағы.jpg
Силикон тарағы

Силикон тарағы

Мұндай тарақтың басты артықшылығы – ол шашты мүлдем электрлемейді. Оған қоса мұндай тарақты жуу оңай, себебі тараққа шаштың майы, кірі жұқпайды. Сондықтан бұл тарақ жиі жағдайда шаштараздар шаш бояу және қырқу үшін қолдады. Әсіресе шашы бұйра қыздарға мінсіз келеді.

Нейлон тарағы

Нейлон – заманауи жұмсақ материал. Соның арқасында бұл тарақ өте жұмсақ болып шығады. Нейлоннан жасалынған тарақ шашты зақымдамай тарайды. Мұндай тарақ шашы жұқа, зақымданған аруларға мінсіз нұсқа болады. Сондай-ақ нейлоннан сәбилерге арналған да тарақ жасайды.

Эбонит тарағы

Эбонит – құрамында күкірт көп каучук түрі немесе резеңкенің бір түрі. Мұндай тарақпен шаш тарағанда шашыңыз түзуленіп, жұмсақ бола қалады. Тарақ дымқыл шашты тарауға жақсы.

Сурет:Ионизациялайтын тарақ.jpg
Ионизациялайтын тарақ

Ионизациялайтын тарақ

Мұндай тарақ шашты ионизациялап, электрленудің, шаштың ұштануын алдын алады. Тұрақты қолдану шаштың жағдайын әлдеқайда жақсарта алады дейді өндірушілер.

Электр тарағы

Электр желісіне қосылатын немесе батареяда жұмыс істейтін мұндай тарақтың бірнеше түрлері кездеседі. Фен негізінде жасалған тарақ шашты бір уақытта кептіріп, пішінін келтіреді. Ал массажды тарақ шашты тарау барысында басыңызға массаж жасайды.

Дереккөздер

http://massaget.kz/bastangy/krasota/16521