Зайсан шөгінді алап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зайсан шөгінді алабы - Қазақстанның шығысындағы ендікке жуық бағытта созылған, жоғарғы палеозой-мезозой-қайназойдың шөгінді қатқабаттарымен көмкерілген тауаралық ойыс. Шығыс Қазақстан облысының жерінде. Ауданы 30 мың км2-ге жуық. Алап солтүстік-шығысында Оңтүстік Алтаймен, оңтүстік-батысында Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген. Шығысқа қарай Сауыр жотасы темен қарай қүлдилай төмендейді де Зайсан алабы Қытайдағы Жоңғар ойысымен тұтасып кетеді. Мұның өзі көптеген зерттеушілердің оларды біртұтас құрылым ретінде қарастыруына, сөйтіп олар ортақ мұнайлылықпен сипатталады деп қателесуіне себеп болды. Терең жарылымдар.(Шығыс Арқалы, Маңырақ т.б.) арқылы алаптың ішкі бөлігі мұнайлылығы мен газдылығы жағынан әркелкі бағаланатын солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік-батыс белдемдерге дараланады. Кристалдық іргетас ретінде қаралатын ортаңғы-жоғарғы карбонның эффузиялық таужыныстары бетінде жатқан орталық белдемдегі шөгінділер қатқабатының жалпы қалыңдығы 5-6 км-ге жетеді. Осындағы Маңырақ маңы ойысында шөгінді қатқабат құрамында жанғыш тақтатастардың көптеген қабатшалары бар, қалыңдығы 4,0 км-ге жуық терригендік палеозой, 1,0 км-ге дейінгі мезозой, 1,0 км-ден аспайтын қайнозой шөгінділері ажыратылады. Жанғыш тақтатастар мұнай мен газ бөлуші (шығарушы) қатқабат ретінде қарастырылады. Қарабұлақ мульдасы арқылы күрделіленген орталық белдемді сейсмобарлау Сарыбұлақ брахиантиклинін анықтап, терең бұрғылау жүргізуге дайындады. Мұнда 4849 метрге бұрғыланған параметрлік терең ұңғыма кайнозой, мезозой және жоғарғы пермнің беткі таужыныстарынан тұратын қиманы аршыды. Сынамалау жүргізгенде, 3,0 км-ден астам тереңдіктегі триас және пермь қүмтастарынан, талдау деректері бойынша малталарга жататын ауыр, тұтқыр, қойнауқаттық жағдайда баяу қозғалатын мұнайға ұқсас таушайырлар алынды. Бұл кейбір зерттеушілерге Зайсан ойысында Сарыбұлақ мұнай кенорны ашылды деп мәлімдеуге түрткі болды. Зайсан ойысының батыс бөлігінде сейсмобарлау нәтижесінде анықталған және бұрғылауға дайындалған оқшау құрылымдардың тобы мұнай іздестіру жұмыстарын бұдан әрі жүгізуге жол ашады. Қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді талдау мен жинақтау, бірсыпыра зерттеушілерге (ГЖолтаев, Х.Парагульгов) солтүстік ернеудің орталық бөлікке қарай, солардың ішінде жеке будалары оңтүстік бағытта, 15 км-ге дейін қаусырма түрінде ығысқаны жөніндегі идеясын ұсынуға мүмкіндік берді. Аталған зерттеушілердің деректері бойынша, осы аймақта, қаусырма жазығының астында үміттенерліктей мұнайлы-газды саналатын юра-триас және жоғарғы пермь түзілімдеріне тиесілі қалың қатқабаттардың бар болуы әбден мүмкін. Сондықтан кристалдық іргетасы саяз орналасқан алаптың оңтүстік-батыс бөлігіндегі едәуір жері мұнай мен газға деген келешегі бар аймақтар болып шығуы әбден ықтимал. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}