Зайончковский Ананиаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ананиаш.jpg
Зайончковский Ананиаш

Зайончковский Ананиаш (12.11.1903, Литва, Вильнюс – 6.4.1970, Италия, Рим) – поляк зерттеушісі, түркітанушы, шығыстанушы. Поляк Ғылым Академиясының академигі (1952), Варшава университетінің проффессоры (1935). Ұлты – қарайым. Краков университетін бітірген (1929). Сол жылы түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы жөнінде докторлық диссертация қорғады. 1932 – 39 жылдары “Мысль Караимска”, 1952 – 70 жылдары “Пшеглонд Ориенталистычны” журналдарының редакторы және поляк академиялық “Рочник Ориенталистычны” жылнамасының бас редакторы болған. Түркі, араб, иран тілдерінен дәріс берген. Варшава, Броцлов университеттерінің шығыстану кафедрасының меңгерушісі болды. Зайончковский – қарайым, көне осман, хазар, иран тілдері мен көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі жайындағы 300-ден астам еңбектің авторы. Түркітану ғылымының қыпшақтану саласының қалыптасуына көп еңбек сіңірген. Поляк, француз, орыс тілдерінде жазған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Негізгі еңбектері мәмлүк қыпшақтары тіліндегі әдеби ескерткіштерді (“Булғат ал-муштақ”, “Ат-туҺфат-уз-закийа...”, “ШаҺнаме”, “Хұсрау уа Шырын”, “Мұқаддима”, т.б.) зерттеуге арналған. Дүние жүзінің көптеген ғылым қоғамдары мен университеттері (Түркия, Финляндия, Германия, Грузия, т.б.) Зайончковскийді өздерінің толық және құрметті мүшесі, докторы етіп сайлады. Бұрынғы кеңес түркітанушыларымен бірігіп “Қарайымша-полякша-орысша сөздікті” құрастыруға қатысты.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зайончковский Ананиаш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}