Зайнолла Қожабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зайнолла Камалейұлы Қожабеков (1.1.1929 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы) – ғалым, биология ғыл. докт., проф. (1981), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1996), Қазақстанның еңб. сің. жоғары мектеп қызметкері (1971).
Омбы малдәрігерлік ин-тын бітірген (1952). 1972 – 83 ж. Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында, ректор болды. 1986 – 97 ж. Қазақ ветеринария ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 1997 жылдан сол ин-ттың құрметті директоры.
Негізгі ғыл. еңбектері қойдың әр түрлі тұқымдарына тән жалпы биол. заңдылықтарды зерттеуге арналған. Қазақстанда алғаш рет қойдың постнатальдық (лат. post – кейін natalіs – тууға қатысты) онтогенезінің (грек. ontos – туу және генез) әр кезеңіне физиологиялық және биохимиялық сипаттамалар берген. Биохим. және физиол. зерттеулер негізінде ол ұсынған зат және энергия алмасу көрсеткіштерінің нормативтері диагностик. және оқу мақсатында, сондай-ақ қойдың жаңа тұқымдарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда, протеинді тағамдардың деңгейі мен сапасын бағалауда пайдаланылады.
Қ-тың басшылығымен малдың жұқпалы ауруларының Қазақстан жерінде пайда болуы және таралуы туралы ақпараттар жиынтығы және “Ветинформ” атты автоматты ақпараттар жүйесі жасалды. 1990 – 93 жылғы ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты болып сайланды, Еңбек Қызыл Ту және “Халықтар достығы” ордендерімен марапатталған.
Шығарылған:

  • Основные физиологические показатели обмена веществ и энергии у овец в раннем постнатальном онтогенезе, А.-А., 1979;
  • Ауыл шаруашылық малдарының патологиялық физиологиясы, А., 1992 (телавт.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}