Зайкен Іңкәрбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зайкен Іңкәрбаев (1928-1994), партия-кеңес қызметкері. Қарқаралының түлегі. Қарағанды кен техникумын, Алматының мемлекетгік кен-металлургия институтын, СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Қарағандыкөмір» комбинаты № 18 шахтасында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Қарағанды шахталарында желдеткіш цехының бастығы, бас инженердің көмекшісі болған. 1964-1985 жылдары аралығында Саран қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, халық депутаттары Абай қаласы қалалық кеңесінің төрағасы, Қарқаралы ауданы партия комитетінін 1-хатшысы (1973-77), облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, жоспарлау комиссиясы төрағасы (19771982), Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы (1982-88) қызметтерін атқарған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» орденьдерімен марапатталған. КОКП 27-съезінің делегаты.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}