Задаш Шайықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Задаш Шайықов (11.11.1934, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) – медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1980).

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1957, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы ауруханасында дәрігер (1957–1959), Целиноград мемлекеттік медицина институтында (1967–1981, қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясы) кафедра меңгерушісі, 1982 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

«Материалы к симптоматике и лечению рака гортани» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, 10 өнертабыстың иегері.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub