Ж-мен сөйлеу
Ж-мен сөйлеу<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> — бірқатар түркі тілдерінде сөз басындағы й дауыссызының орнына ызың ж дауыссызын қолдану. Мысалы: башқұрт, түрік, түрікпен, өзбек тілдеріндегі йол/йул, йок/йуқ, йер сөздері қазақ тілінде жол, жоқ, жер болып айтылады. Сөз басында осы екі дауыссыздың қайсысы тән екеніне қарай түркі тілдері өз ішінде ж-мен, з-мен сөйлейтін тілдер болып, екі топқа бөлінеді. Я-мен сөйлейтін тілдерге азербайжан, түрік, түрікпен, өзбек, құмық, гагауз, башқұрт (әдеби тілі) тілдері, ж-мен сөйлейтін тілдерге негізінен қыпшақ тобының ноғайлы бұтағына кіретін қазақ , қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9</ref>
Дереккөздер
<references/>