Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф 

Жәмила Нұрмағанбетқызы Шашкина (2 қазан 1914 жыл, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы - 30 сәуір 2009 жыл Қарағанды) — актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1962). 1935-1936 жылы Мәскеу қаласындағы театр өнері институтының қазақ студиясында оқыды. Сахналық өнер жолын 1932 жылы Қарағанды облысы қазақ драма театры труинасынан бастады. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінін онкүндігіне қатысты. 1937 - 1938 жылдары Қазақ академияық опера және балет театрында әнші болды. 1938 -1982 жылдары Қарағанды облысы қазақ драма театрында актриса болды. Ол көбіне лирикалық және драмалық рольдерде ойнады. Еңлік, Қарлыға, Айман, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің "Еңлік -Кебек", "Қара кыпшақ Қобыланды", "Айман - Шолпан", "Түнгісарынын-да"), Баян, Жібек (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен Е.Г. Брусиловский мен бірігіп жазған "Қыз Жібегінде"), Кручинина (А.Н. Островскийдің "Жазыксыз жапа шеккендерінде"), Луиза (Ф.Шиллердің "3ұлымдық пен махаббатында"), Бәтес (С.Мұқановтың "Мөлдір махаббатында"), Шәрбан (З.Шашкиннің "Акын жүрегінде"), Толғанай (Ш.Айтматовтың "Ана -Жер-анасында", Таңқабике (М.Кәрімнің "Ай тұтылған түнінде", т.б. рольдері бар. 1975 жылы Қарағанды облысы қазақ театры құрамымен Алматы қаласында өнер көрсетті. 1984 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}