Жәмила Мәлік-Айдарқызы Асылбекова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жәмила Мәлік-Айдарқызы Асылбекова (26.2.1964 ж.т., Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (2008).
ҚазМУ-дың тарих факультетін (1987, қазіргі ҚазҰУ) ағылшын тіліндегі тарих мамандығы бойынша бітірген. Ғылым жұмыстарының бағыты – Қазақстанның әлеуметтік демография және демографиясының дамуы, индустрияландыру үрдістері, жергілікті тұрғындардың еңбекпен қамтылуы, ағылшын тілді батыс елдерінің тарихнамалық мәселелері.
2008 жылы «Индустриальные кадры Казахстана в конце 19 – начале 21 веков: социально-демографический аспект» деген тақырыпта доктор диссертация қорғаған.
Жәмила 50-ден аса ғылым еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>