Жұрқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұрқа, жүн-жұрқа. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде жүн-жұрқа — тері-терсек, жүн т. б. деп түсіндірілсе, осындай сөздіктің 1959 жылы шыққан бірінші томында — жүн сияқты бұйымдар, солардың қал-дықтары деп ұғындырылған. Біздің ойымызша, соңғы түсінік «жүн-жұрқа» мағынасына орайлас көрінеді. Өйткені «тері-терсек» сияқтылар «жүн-жұрқа» ішіне кіре қоймаса керек. Осы ойымыз, «жүн-жүрқа» қос сөзіндегі «жұрқа» сыңарының төркінін анықтау үстінде, дұрысқа саятын сияқты. Якут тілінде «ньырға» тұлғасы — жан-жануарлар үстіндегі түк, қылшықтың, жалпы айтқанда, жүннің сиректігін аңғарту үшін қолданылады. Осы ұғымды еске алсақ, «жүн-жүрқа» қос сөзін түсініктірек болсын десек, «жүн — сирек жүн» қалпында айтуға да болады. Демек, «жұрқа»— тек жүнмен байланысты ғана қолданылатын қос сөз сыңары. Якут тіліндегі «ньырға» қазақ тілінде «жұрқа» болуы тағы да түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктерінен туған. Мысалы, біздегі «жалпаю» етістігі якут тілінде «ньалбай» қалпында айтыла береді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}