Жұпаршөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Жұпаршөп (Үлгі:Lang-la) – сүйсіндер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.


Негізінен солтүстік жарты шарда кездесетін 50 (кейбір мәліметтерде 200-дей) түрі белгілі. Қазақстанда Алтайда, Тобыл, Есіл өзендерінің бойында қосжапырақты жұпаршөп (P. bіfolіa) өседі. Оның биіктігі 25 – 60 см. Түйнек тамырлы өсімдік. Ұзын жапырақтары гүлсидамының айналасынан өсіп шығады. Ақ, ақшыл жасыл, ұсақ гүлдері тік сабағының бойында орналасады. Түнгі көбелектер арқылы тозаңданады. Тұқымынан көбейеді, тұқымы жел арқылы таралады. Гүлі түнде немесе жаңбыр жауар алдында ашылады, сондықтан Жұпаршөпті түнгі шегіргүл деп те атайды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жұпаршөп – хош иісті өсімдік, сондықтан сәндік үшін қолдан да өсіріледі.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер