Жұмыс уақыты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмыс Уақытықызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917 жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған. Жұмыс аптасы – күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі. Көптеген дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес, ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт бойынша белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз болып келеді (мысалы, Германияда). Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер бойынша төленетін жұмыс сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен, жұмыс аптасының заңмен белгіленген және нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қазақстан заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚ қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес Жұмыс уақытының‚ Жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚ 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен немесе ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда (фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы. Ол қызметкердің осы кәсіпорынға жұмысқа тұрған күнінен бастап есептеледі. Жұмыс жылы қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ескеріледі. Жұмыс уақытының пайдаланылу көрсеткішінің өндірістік маңызы зор. Оның құрылымын зерделеу орындаушының немесе жабдықтың ауысым бойына (немесе уақыттың басқа кезеңі бойына) жұмсайтын уақыт шығынын және олардың жұмысбастылық деңгейін‚ Жұмыс уақытының резервтерін‚ оны тығыздау мүмкіндіктерін‚ белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын еңбектің ғылыми негізделген шығынын анықтау үшін қажет. Өндірісте жұмыс уақытының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жұмыс уақытының балансы деп атайды. Ол, әдетте, кесте түрінде бір жылға арналып жасалады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref> Жұмыс уақыты — бұл қызметкердің жұмыс берушінің актілеріне және ішкі еңбек шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері түріндегі актілер және басқалары жатады.

Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді. Еңбек жағдайлары (соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да) көбінесе жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.

Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді (жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек шарттарында жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.

Жұмыс уақытының түрлері

Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты.

Қалыпты жұмыс уақыты

Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.

Қысқартылған жұмыс уақыты

Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.

Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы бар.

Толық емес жұмыс уақыты

Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.

Түнгі уақытта жұмыс істеу

Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде, байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және басқаларда.

Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп есептеледі.

18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық анықтамалары бар өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.

Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға, олардың жазбаша келісімі бойынша ғана жол беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек адамдардың түнгі жұмысқа пайдаланылуы мүмкін, бірақ олардың келісіммен және ұсынылған жұмысты атқаруға медицина қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.

Жұмыс уақытының белгіленген ұзактығынан тыс жасалатын жұмыс мерзімінен тыс жұмыс деп танылады. Бұл жұмыс қызметкердің еңбек міндеттемесіне кірді ме, жоқ па немесе қызметкер оны жұмыс берушінің тапсыруы бойынша орындады ма, бұл арада оның мәні шамалы. Мерзімнен тыс жұмысқа жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдер жіберілмейді. Мерзімнен тыс жұмысқа ақы қосымша төленеді.

Қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан қолы бос және өз қалауынша пайдалана алатын уақыты тынығу уақыты болып табылады. Еңбек туралы заңда тынығу уақытының мынадай түрлері белгіленген:

  • күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
  • апталық демалыс күндері;
  • мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы.

Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер

Қызметкерлерге күнделікті жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және тамақтануға жиынтығында ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі.

Үзілістің ең қысқа мерзімі көрсетілген. Тынығу мен тамақтану үшін берілетін үзілістің ең көп ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу мен тамақтануға берілетін үзіліс жұмыс уақытына кіргізілмейді. Қызметкер үзіліс уақытында жұмыс орнынан басқа жаққа кетуіне болады. Тынығу мен тамақтану үшін үзіліс уақытын беру және оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерімен, жеке және ұжымдық шарттармен белгіленеді. Үзіліс, әдетте, жұмыс басталғаннан төрт сағат өткенде беріледі.

Еңбек туралы заңда арнаулы үзілістер деген де қарастырылған. Мұндай үзілістер суық уақытта ашық аспан астында, жабық жылытылмайтын жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге беріледі. Арнаулы үзілістер қызметкерлердің жылынып, тынығуы үшін беріледі және жұмыс уақытына есептеледі. Сондай-ақ, мұндай арнаулы үзілістерді бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге — жұмыс уақытының әрбір үш сағаты сайын, 30 минуттан кем емес уақытқа беру де қарастырылған.

Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.

Заңға<ref>«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-II Заңы</ref> сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.

  • Ұлттық мерекелерҚазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі

  күн-айы атауы
  қаңтардың 12 Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)
  қаңтардың 7 Иса Мәсіх туған айты (демалыс күн)
  зу-л-хидж 10 <ref>Һижраның зу-л-хидж 10 күні жыл сайын 11—12 күнге артқа ығысады. 2007 ж. желтоқсанның 20 келеді, 2008 ж. 9 желтоқсанға келеді, 2009 ж. 27 қарашада, ал 2010 ж. 17 қарашада болады.</ref> Құрбан айт (демалыс күн)
  наурыздың 8 Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)
  наурыздың 22 Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 1 Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 7 Отан қорғаушы күні
  мамырдың 9 Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)
  мамырдың 31 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
  маусымның 4 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
  маусымның 23 Полиция күні
  маусымның 3-і жексенбісі Медицина қызметкері күні
  маусымның соңғы жексенбісі Баспасөз, теледидар және радиохабар күні
  шілденің 6 Елорда күні (мемлекеттік мейрам)
  шілденің 3-і жексенбісі Металлург күні
  тамыздың 1-і жексенбісі Көлік пен байланыс қызметкерлері күні
  тамыздың 2-і жексенбісі Құрылысшы күні
  тамыздың 3-і жексенбісі Спорт күні
  тамыздың соңғы жексенбісі Кенші күні
  тамыздың 30 Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)
  қыркүйектің 1 Білім күні
  қыркүйектің 1-і жексенбісі Мұнай мен газ кешені қызметкерлері күні
  қыркүйектің 3-і жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
  қыркүйектің 28 Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлері күні
  қазанның 1-і жексенбісі Оқытушы күні
  қазанның 25 Республика күні
  қарашаның 15 Ұлттық пұл күні
  қарашаның 3-ші жексенбісі Ауыл шаруашылық қызметкерлері күні
  желтоқсанның 1617 Тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)
  желтоқсанның 3-ші жексенбісі Қуатшы күні
  — мейрам (жұмыс істемейтін) күндері
  — кәсіби және басқа мейрамдары
  • 2009 ж 22 сәуірдегі №152-ІV ҚРЗ өзгерістер енгізілуіне байланысты 25 қазан Қазақстан Республика күні деп есептелінбейді.<ref>“ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}