Жұмыс процестерінің жиынтығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмыс процестерінің жиынтығыөндіріс процестерінің ұйымдастырушылық және технологиялық ерекшелігі. Олар ерекше технологиялық мазмұнда болады, жұмыстың орындалуы барысында арнайы өндіріс құрал-жабдықтарының қажеттігін, жұмысшылардың белгілі мамандық иесі болуын талап етеді. Жұмыс процестерінің жиынтығы бірнеше тармақка бөлінеді. Айталық, жер асты және ашық тәсілдермен көмір қазып алу жұмыстарына дайындық немесе кен бетін ашу, тазалап қазып алу жұмыстары, көмірді темір жол вагондарына тиеу және басқалар жатады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>