Жұмыскерге жарақаттанудан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келген зиянды өтеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмыс берушінің кінәсінан, өзіне тапсырылған жұмысты атқару кезінде жұмыскерге (қызметкерге) келтірілген жарақат немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан қызметкер толықтай немесе ішінара еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, жұмыскерге келтірілген зиянды өтеу. Жұмыс беруші оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған мөлшерде өтеп беруге міндетті.

Еңбек заңнамасынын тиісті бабында қарастырылған зиян, жұмыскердің сақтандыру төлемі болмаған кезде, толық мөлшерде төленіп беріледі. Сақтандыру төлемі бар болған жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге келтірілген зиянның сақтандыру сомасы мен нақты мөлшері арасындағы айырмашылықты өтеп беруге міндетті. Жұмыс берушінің жұмыскерге келтірген зиянын өтеу тәртібін, еңбек бойынша екілеттелген мемлекеттік орган анықтайды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}