Жұмыртқалық фолликулдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмыртқалық фолликулдар (Үлгі:Lang-el folliculus — қапшық тәрізді қуысты құрылым, ovarium - жұмыртқалық) - жұмырт-қалықтың шеткі жағында, ақ қабықтың астындағы қыртысты затта орналасқан, әртүрлі даму сатысындағы жұмыртқа жасушасына байланысты құрылымдар. Жұмыртқалық фолликулдар даму сатысына байланысты: алғашқы (примордиальді), біріншілік, екіншілік және үшіншілік фолликулдар болып ажыратылады. Жұмыртқалықтың фолликулалы аймағының шеткі жағында әртүрлі жануарларда түрліше топтасып орналасқан, майда келген, пішіні жалпақ фолликулалы жасушалардың бір қабатымен қапталған, жетілудің бастапқы сатыларындағы жас жұмыртқа жасушаларын (овоциггерді) алғашқы фолликулдар деп атайды.

Кейінгі жетілу сатыларында алғашқы фолликулдардың фолликулалы жасушалары өсіп, белсенді бөлініп жалпақ фолликулалы жасушалар текше тәрізді жасушаларға, одан кейін цилиндр тәрізді жасушаларға айналады. Одан кейінгі жетілу сатыларында фолликул жасушалары бөлініп көбейіп, көпқабатты фолликул қабығына айналады. Одан соң, жұмыртқалық фолликулдардың көлемі үлкейіп, жұмыртқа жасушасы плазмолеммасының сыртында мөлдір аймақ (мөлдір қабық) пайда болады. Сыртынан текше (куб) тәрізді фолликул жасушалардың 1-2 қабатымен қапталған жас жұмыртқа жасушалары бірін¬шілік фолликул деп аталады. Көпқабатты фолликул жа- сушаларынан құралған қабықпен қапталған жұмыртқа жасушалары екіншілік фолликулдар түзіледі. Фолликул жасушалары аралығында пайда болған қуыстарда фолликул сұйығы жиналады. Сұйықтың құрамына фолликул жасушалары аналық жыныс гормоны — эстрогенді бөліп шығарады. Майда қуыстар бір-бірімен қосылып, үлкен қуысқа, ал фолликул мөлшері жағынан үлкейіп, көпіршікті фолликулға айналады. Жұмыртқа жасуша жұмыртқа төмпешігі түршде көпіршікті фолликулдың бір жағына ығыса орналасады. Көпіршікті фолликул сыртынан дәнекер ұлпалық қабықпен (фолликул текасымен) қапталады. Көпіршікті фолликулды үшіншілік фолликул деп те атайды. Көпіршікті фолликул пісіп жетіледі де жарылып, ішіндегі жұмыртқа жасушасы фолликул cұйығымен бірге ағып шығып, жатыр түтігі құйғышына өтеді. Бұл процесті овуляция дейді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұмыртқалық фолликулдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}