Жұмақас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмақас (Жұмақыз) Ақтайлаққызы (шамамен 1616/19 – 1687) – Жоңғар хандығының билеушісі Батыр қонтайшының әйелі болған қазақ қызы. 1635 жылы күзде Батыр қонтайшы Қазақ хандығына шапқыншылық жасап, біраз адамды тұтқынға түсіреді. Батыр қонтайшы тұтқындардың ішінде ерекше көркімен көзге түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақасты оның еркінсіз өзіне екінші әйел етіп алады. Жұмақастың жоңғарлар мен қазақ халқы арасындағы қарым-қатынасты реттеуде қосқан өзіндік үлесі оның балалары Сенге мен Қалдан Бошақтыны қазақ халқымен татуласуға тәрбиелеген ісінен көрінеді. Жұмақас туралы шығыстанушы А.М. Позднеев “К истории Зюнгарских калмыков” деген еңбегінде былай деп жазады: “Жұмақас (Юм-агас) қоян жылы (1687) көктемде қайтыс болды, сол жылдың қысын Бошақты хан Ертісте өткізіп, келесі 1688 жылы көктемде 30 мың қолмен Халхаға басып кіріп, Моңғолияға соғысын бастады”. Сенге мен Қалдан Бошақты – жоңғар-қалмақ тарихында елеулі орын алған белгілі әскери және мемлекет қайраткерлері.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Кычанов Е.И., Повествование об ойратском Галдане Бошокту хане, Новосиб., 1980; їагсам Джонсан, История и хронология Тибета, Новосиб., 1991; Моиссев В.А., Джунгарское ханство и казахи XVII – XVIII вв., А.-А., 1991; Батмаев М., Калмыки в XVII – XVIII вв. События, люди, быты, Элиста, 1993. </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұмақас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}