Жұмағаным Әбілхалыққызы Рахимова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Жұмағаным Әбілхалыққызы Рахимова 1954 жылы 19 наурызда РКФСР Саратов облысының Новоросляевка ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Рахимов Әбілхалық Мұсаұлы (1926 ж. т.). Анасы - Рахимова Мәрия Мұхамедиярқызы (1933 ж. т.), зейнеткер. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалды-хор факультетін бітірген (1979), әнші, оқытушы.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті (1993 жылдан). Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін біледі. 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық оркестрінің жетекші солисі. 1980 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 1986 жылдан - Республикалық филармонияның жетекші солисі (Алматы қ.).

1993 жылдан бері - Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солист-вокалисі. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1984). Республикалық әншілер конкурсында К. Байсейітова атындағы I сыйлықтың лауреаты (1980). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1998).

Ұлы - Молдағайынов Аспандияр (1984 ж. т.); қызы - Молдағайынова Ақбота (1996 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub