Жұматай Әмзеұлы Махамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Жұматай Әмзеұлы Махамбетов 1945 жылы 18 мамырда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының вокал- хор факультетін бітірген (1972), оқытушы, концерттік әнші. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (2005 жылдан).

«Вокалдық шығармалар» музыкалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 2 томдық репертуарлық жинақ-хрестоматиясының авторы (2004, 2007). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1962 жылдан -Жезқазған кенішінде БӨҚА (бақылау-өлшеу құралдары және автоматика) цехының электрмонтері. 1965 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік өнер институтының студенті. 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1973 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солист-вокалисі. 1975 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің солист-вокалисі. 1985 жылдан - «Отырар сазы» Мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің солист-вокалисі. 1992 жылдан - ҚР Ұлттық банкі Мемлекеттік қоймасы директорының орынбасары. 1996 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жеке ән орындау кафедрасында аға оқытушы.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған (1985). Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы (2005). Хоббиі - музыка, әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Махамбетова Рәш Құрақбайқызы, зейнеткер. Қыздары - Құмарова Әлия (1971 ж. т.), Жаңабаева Қорлан (1977 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub