Жұлдыздық қосалқы жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұлдыздық қосалқы жүйе

Жұлдыздық қосалқы жүйе– кеңістіктегі орны мен жылдамдықтарының таралу ерекшеліктеріне қарай белгілі бір спектрлік кластағы немесе типтегі Галактика құрамына енетін жеке сипаттары әр түрлі жұлдыздың жиынтығы. Жұлдыз шоғырлары, жұлдыз аралық газ бен тозаңдар да Галактикалық қосалқы жүйелер түзеді. Әрбір Жұлдыздық қосалқы жүйе:

  • 1. Оның құрамындағы объектілердің түрі.
  • 2. Ондағы объектілердің жалпы саны.
  • 3. Қосалқы жүйе объектілердің Галактиканың симметрия жазықтығы мен оның орталығындағы орналасу жиілігі бойынша анықталады.

Галактиканың симметрия жазықтығында жиі орналасқан объектілер- Галактиканың жазық құраушысына жататын жұлдыздық қосалқы жүйе түзеді. Оларға ыстық алып жұлдыздар, О және В спектрлік класындағы асқын алыптар + ұзақ периодты цефеидтер, II типтегі асқын жаңа жұлдыздар, шашыранды шоғырлар, тозаңды және газды заттар жатады. Жазық құраушыдағы объектілердің орналасу жиілігі Галактиканың ортасына қарай күрт азаяды.

Галактиканың симметрия жазықтығында сирек орналасқан объектілер-Галактиканың сфералық құраушысына енетін жұлдыздық қосалқы жүйе түзеді. Олар: субергежейлілер, қысқа периодты цефеидтері, жылтырауы 150-ден 200 күнге дейін өзгеретін ұзақ периодты айнымалы жұлдыздар, шар тәрізді жұлдыз шоғырлары. Сфералық құраушыдағы Жұлдыздық қосалқы жүйе объектілерінің орналасу жиілігі Галактика орталығына қарай арта түседі. Жұлдыздық қосалқы жүйенің аралық құраушысы Галактиканың симметрия жазықтығындағы орналасу жиілігі орташа объектілерден тұрады. Оларға қызыл ергежейлі жұлдыздар, ақ ергежейлі жұлдыздар, жаңа жұлдыздар жатады. <ref> Қазақ совет энцеклопедиясы. </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер