Жұлдыздар каталогы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұлдыздар каталогыбелгілі бір біртекті сипаттамалары (экваторлық координаттар, жұлдыздық шамалар, спектрлік кластар, т.б.) көрсетілген жұлдыздардың тізімі. Онда жұлдыздардың негізгі сипаттамаларынан басқа, аспандағы және Жұлдыздар каталогындағы жұлдыздарды салыстыруға мүмкіндік беретін қосымша сипаттамалар да беріледі. Жұлдыздар каталогында жұлдыздар шарықтау кезіндегі өсу реті бойынша орналастырылады. Кез келген Жұлдыздар каталогында әрбір жұлдызға міндетті түрде белгілі бір нөмір беріледі. Жұлдыздар каталогының жұлдыз орны белгіленген Жұлдыздар каталогы, іргелі Жұлдыздар каталогы, жинақталған Жұлдыздар каталогы, т.б. түрлері бар. Астрономиялық бақылаулар негізінде жасалған Жұлдыздар каталогы жұлдыздық жүйелердің құрылысы мен қозғалысын зерттеуде, аспан координаттарының жүйесін анықтауда, геодезияда, т.б. пайдаланылады. Ең алғашқы Жұлдыздар каталогын Гиппарх жасаған (850 жұлдыз орнының каталогы), сондай-ақ Ұлықбектің жасаған Жұлдыздар каталогы да белгілі (1018 жұлдыз орнының каталогы). Қазіргі кезде дүние жүзінде жүздеген Жұлдыздар каталогы бар. Қазақстанның Астрофизика институтында “Жұлдыздардың спектрофотометриялық каталогы” жасалды. Онда 1159 нысан қамтылған.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Подобед В.В., Фундаментальная астрометрия, 2 изд., М., 1968. </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұлдыздар каталогы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}