Жұбату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбату– азалы адамға көңіл айту рәсімі; тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Азалы адамды жұбату – ертеден келе жатқан ізгі дәстүр. Жұбату қалыптасқан белгілі композициялық жүйемен айтылады. Жұбату жырларында нақылға, мақал-мәтелге айналып кеткен өлең жолдары көп кездеседі. Тақырып өзегі – өмір, тұрмыс тәжірибесінен қорытылған аталы сөз, ақыл, өсиет. Айтушы алдымен “Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ” екенін айтып алады да, “Тозбасты ұста соқпайды, өлместі құдай жаратпайды” деп, табиғаттың бұлжымайтын қатал заңын еске алады. Осыдан кейін “Жетпесті қума, келмеске жылама”, “Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ” деген түйін айтады. “Ат тұяғын тай басар”, “Арғымақтың тұяғы тасты басса кетілер, сазды басса жетілер” деп жоқтың орны бармен толатынын, жеткіншек жас ұрпақпен жетілетінін айтады. “Арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін” деген тілек білдіреді. Жұбату батырлар жырында, лиро-эпостық, халықтық дастандарда көп ұшырайды. Мысалы, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Ханымның Тайлақты, Тазшаның Ханымды Жұбатуы, т.б. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған халық жырларында да Жұбату мол. Жеке халық ақындарының шығармаларында да Жұбату өлеңдері бар. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: 1916 жыл, А., 1940; Қазақ әдебиетінің тарихы, 1-т., 1-кіт., А., 1960; Шешендік сөздер, құраст. Б.Адамбаев, А., </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұбату|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}