Жұбан Тасар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасар Жұбан (1937 жыл, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы - 2014 жыл) - ақын.

  • Алматы кооперативтік техникумын бітірген. Мамандығы экономист-бухгалтер.
  • Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының сауда саласында бас бухгалтер
  • Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінде бас бухгалтер, ревизор, аудитор болып істеген.
  • Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында өткен ақындар айтысының жүлдегері.
  • 1968 жылы Қазақ поэзиясының Қарақалпақстандағы күндеріне қатысып, бір топ өлеңдері сол елдің жүлдесімен аталып өткен.
  • «Туған елім» атты жыр жинағы жарық көрген.
  • Поэзиялық шығармалары «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына, есімі «Маңғыстау энциклопедиясына» енгізілген.
  • Публистикалық, әзіл-сықақ шығармалары республикалық, облыстық газеттерде жарияланған.
  • Мемлекеттік мекемелердегі ұзақ жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттің "Еңбек ардагері" медалімен, шығармашылық табыстары үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің және Ақтау қаласы әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}