Жұбаев Сыдиық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұбаев Сыдиық (1886, бұрынғы Бөкей ордасы, Бесқыз ауылы – 1930, Маңғыстау, Форт-Шевченко) – қоғам қайраткері. Ганюшкинодағы орыс-қазақ училищесінің үш сыныбын бітірген (1904). 1917 жылға дейін Маңғыстаудағы 2-Бозашы болысында тілмаш болған. 1918 жылы Қаратөбеде өткен Маңғыстау қазақтарының съезінде Адай ревкомы төрағасының орынбасары болып сайланды. Азамат соғысы кезінде Атырау өңірінде Толстов бандаларына, Деникин әскерлеріне қарсы ұрыстарға қатынасқан. Маңғыстаудың оңтүстігіндегі қазақ болыстарын Қазақ АКСР-і құрамына енгізу жобасын жасап, оның жүзеге асуына үлес қосқан. 1921 – 27 жылдары Адай округі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1927 – 28 жылдары Адай округі халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1928 жылдан бастап Адай округіндегі шаруаларға қарсы жүргізілген солақай саясатқа, күштеп жаппай ұжымдастыру науқандарына халық наразылығын ұйымдастырушылардың бірі ретінде саяси қуғынға ұшыраған. 1929 жылы тұтқынға алынып, 1930 жылы 9 қазанда ОГПУ үштігінің үкімімен ату жазасына кесілген. 1962 жылы 8 ақпанда ақталған.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Омаров М., Расстрелянная степь, А., 1994; Азалы кітап. Маңғыстау облысы, А., 1998. </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұбаев Сыдиық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}