Жүсіпбек Арыстанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арыстанов Жүсіпбек (1904, қазіргі Сырдария ауданы, Қараөзек станциясы – 1993, Алматы) – қоғам қайраткері, жазушы. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеттін (1925), Қызыл профессура институтын бітірген (1933). 1918 – 20 жылы әуелі Қызылордада, кейін Ташкентте балалар үйінде тәрбиеленген. Сырдария облысы кеңес-партия мектебінде оқып, білім алған. 1925 – 26 жылы «Ақ жол» газеті редакторының орынбасары, 1926 – 27 жылы Жетісу губерния кеңес-партия мектебінің директоры, 1927 – 28 жылы Орта Азия мемлекеттік университеттінде (САГУ) оқытушы, 1935 – 36 жылы Қазақтың марксизм-ленинизм институтты директорының орынбасары және бас редактор қызметтерін атқарған. Кейін БК(б)П Қазақстан Өлкелік комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналы редакторының орынбасары, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы болды. 1934 жылы Қазақ ОАК мүшелігіне, 1937 жылы Қазақстан К(б)П ОК мүшелігіне және ОК-нің бюро мүшелігіне кандидат болып сайланған. Ленин орденімен, медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, I-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүсіпбек Арыстанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}