Жүрек Бұлшықет ұлпасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрек Бұлшықет ұлпасы (сердечная мышечная ткань); (Үлгі:Lang-la textus — ұлпа, muscularis - Бұлшық ет, cor - жүрек) — жүректің ортаңғы қабығы — миокардты түзеді. Жүрек Бұлшықет ұлпасы сегменттелмеген мезодерманың ішкі (висцеральды) жапырақшасынан дамиды және еріксіз жиырылады. Ұлпа — пішіні цилиндр тәрізді кардиомиоциттерден құралған. Олардың сопақ ақшыл боялған ядросы жасуша цитоплазмасының ортасында орналасады<ref>Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4</ref>. Жиырылу процесін іс жүзіне асыратын, актин және миозин миофиламенттерінен құралған протеиндік жіпшелер — миофибриллалар жасуша цитоплазмасының шеткі жағында ұзынынан орын тебеді. Кардиомиоциттер үштарындағы арнайы тұйықтаушы аймақтары арқылы өзара байланысып, аралық дискілер түзеді. Бүған қоса олар бүйір өсінділері арқылы да жалғасып, тор тәріздес құрылым түзеді. Осының нәтижесінде миокард кардиомиоциттері бір мезгілде жиырылады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}