Жүрекше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүрекше (lang-el|atrium) — қанды вена қан тамырларынан қабылдап, жүрекше-қарынша (атрио-вентрикулалы) тесіктері арқылы оны жүрек қарыншаларына айдайтын жүректің бөлімі. Жүректе оң және сол екі жүрекше болады. Оң жүрекшеге вена қаны денедеғі үлкен қан айналым шеңберінен алдыңғы және артқы (адамда - жоғарғы және төменгі) қуыс веналары, ал сол жүрекшеге артерия қаны өкпедегі кіші қан айналым шеңберінен өкпе веналары арқылы құйылады. Жүрекшенің қабырғасын үш қабық: ішкі — эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард (сірлі қабық) құрайды. Эндокардтың ішкі бетін эндотелий астарлайды. Оның астындағы эндотелийасты қабатында өткізгіш кардиомиоциттер орналасады. Миокард беткей және терең бұлшықет қабаттарынан тұрады. Беткей қабат оң және сол жүрекшелерді сыртынан сақина тәрізді қаптайтын, екеуіне ортақ қабат. Ал терең қабат әрбір жүрекшеде жекелей ұзыннан орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүрекше|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

de:Herz#Räume und Gefäße