Жүректің тоқтап қалуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Жүректің тоқтап қалуы — жүрктің үйлесімді жұмысы бұзылып, кенет және толайым жүректің тоқтауы.

Пайда болу себептері

Пайда болу себептері:

  1. жүректің тәждік артерияларының атеросклерозы,
  2. кардиомиопатия ауруы,
  3. жүрек ақаулары,
  4. қолқаның жарылып кетуі.
  5. қан ішілік тромбоэмболия ауруы т.с.с. жүрек аурулары жатады.

Кейбір жағдайда бұған себеп жүректің бұлшық еттерінің фибриляциясы, шамадан тыс физикалық жүктеме, арақты көп мөлшерде ішу, күшті психикалық және эмоциялық факторлар. Бұл жағдайда дәрігер ешқандай жәрдем жасап үлгере алмайды. Әзірге клиникалық болжам осылай.

Алдын алу шаралары

Алдын алу шаралары: темекі тартпау, қандағы холестериннің мөлшерін тексертіп, оны қалыпты шамада ұстау, шамадан тыс физикалық жұмыстан бас тарту және арақтан алыс жүру, тіпті қабылдамау т.с.с. факторлардан алдын алу<ref>Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.-Алматы:"Кітап"баспасы,2005.-568 бет.</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер